RU

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 35 жастағы әйел ұсталды

Қызылорда қаласында жеңгетайлықпен айналысқан 35 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: informator.news
Көрнекі фото: informator.news: Instagram

Оны Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері қолға түсірген.

"Бұл азаматша бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда сот шешімімен мүлкі тәркіленеді. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777444-kyzylordada-zegetajlykpen-ajnalyskan-35-zastagy-jel-staldy/