RU

Ақтөбеде үй тонаумен айналысқан ерлі-зайыптылар масқара болды

Ақтөбеде үй тонаумен айналысқан азаматтық некедегі екі әккі ұры қылмыс үстінде құрықталды. Полицейлер олардың іздеріне түскендеріне біраз болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде үй тонаумен айналысқан ерлі-зайыптылар қылмыс үстінде ұсталды
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Ұрылар қаланың қақ ортасындағы үйлердің бірін тонап жатқанда полиция үстерінен түсті.

Олар алтын бұйымдар мен ақшадан басқа ыдыс-аяқты да қапқа салып, алып шықпақ болған. Бірақ бұл жолы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыра алмады.

Ерлі-зайыптылар бұрын да бірнеше үйді тонағаны белгілі болды.

Әйел адам коммуналдық мекеме жұмысшысының формасын киіп, алдымен үйді тексеріп шығып, сосын күйеуін шақырады екен.

Күдіктілер қамауға алынды.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777480-aktbede-j-tonaumen-ajnalyskan-erli-zajyptylar-maskara-boldy/