Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жылқыны атып, сойып алмақшы болғандар ұятқа қалды (фото)

Опубликовано:

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауылдың бірінде жылқыны атып, сойып алмақшы болған ұрылар ұсталды деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
фото: Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі: Facebook

Оқиға 1 ақпан күні Дыңғызыл округінде болған.

Жергілікті учаскелік полицияның айтуынша, мылтық дауысын естіп, ауыл сыртына шығыпты.

Олар ВАЗ-2106 көлігі мен оқ тиген жылқыны көргенін жеткізген.

Тәртіп сақшылары қашуға ұмтылған екі ұрыны көп ұзатпай құрықтағанын хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілердің көлігін тінту кезінде тіркелмеген шолақ мылтық, жылқы союға арналған құрал-жабдықтар табылған.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, аталған дерек бойынша ҚК-тің 188 ("Ұрлық") және 287 баптарына ("Тіркелмеген қаруды заңсыз алып жүру") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүруде.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
фото: Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777495-atyrau-oblysynda-zylkyny-atyp-sojyp-almaksy-bolgandar-atka-kaldy-foto/

pixel