RU

Энергетика министрлігі қызметкерлерін жаппай қысқартатын болды

Энергетика министрлігі қызметкерлер санын қысқартпақшы. Бұл туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

рррррр
Қанат Бозымбаев. Фото: NUR.KZ: UGC

Министрдің сөзінше, жұмыс істейтіндер саны 90 бірлікке қысқарады.

Сонымен қатар, орталық аппаратта департаменттер саны 21-ден 17-ге, ал ведомствоға бағынышты бұйымдар саны 11-ден 7-ге дейін азаяды.

Осы ретте Қанат Бозымбаев министрліктің жауапты хатшысына мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777662-energetika-ministrligi-kyzmetkerlerin-zappaj-kyskartatyn-boldy/