RU

Шымкентте сауда орталығының әжетханасында жүкті әйел босанды

Шымкентте 23 жастағы жүкті әйел сауда орталықтарының біріне келіп, күтпеген жерден босанып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: web-mama.ru
Көрнекі фото: web-mama.ru: Facebook

Оқиға Shymkent Plaza сауда орталығында орын алған.

Жүкті әйел кешеннің ішіндегі дәріханаға кіріп, өзін жайсыз сезінгендіктен, әжетханаға барған. Сонда күтпеген жерден толғағы келген.

Жүкті әйелге сауда орталығының қызметкерлері мен кезекші дәрігер көмектескен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем қызметкерлерін шақырағанымен, олар келгенше өмірге қыз бала келген.

Нәрестенің есімін "Айша" деп қойыпты.

Жедел жәрдем жас ана мен сәбиді ауруханаға алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777779-symkentte-sauda-ortalygyny-zethanasynda-zkti-jel-bosandy/