Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік әжей ажырасқан келіншектің бетін қайта ашқандарға реніш білдірді

Жарияланған күні:

Елімізде уақыт өте келе ұмытылып кеткен салт–дәстүрлеріміз жетерлік. Ал бүгінде орындалып жүрген жоралғылардың басым көпшілігі мың түрленуде. Соның ішінде жаңа түскен келінді көпшілікпен таныстыру үшін жасалатын «беташар» салты да айтарлықтай өзгерген деп жазады NUR.KZ.

ввввв
"Беташар" салты. Фото: www.photomaster.kz: Instagram

Жуырда Ақтөбеде өткен тойдың соңы жанжалға ұласып кете жаздапты. Әулеттің үлкендері бұрын отбасылы болған қалыңдыққа «Беташар» жасалғаны үшін ашуланған.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне үйленген жігіттің жақын туысы, 67 жастағы Хадиша апай айтып берді.

"Бұл тойды ағайын болып, асыға күткен едік. Ініміздің есімі – Нұржан. Бұрын-соңды ешқашан үйленбеген. Жасы 27-ден асқан жігіт, жақсы қызмет те атқарады.

Қыс мезгіліне қарамастан, үйленетінін айтты. Қуанышты жаңалық болған соң, қарап жатпай тойға дайындалдық.

Нұржанның анасы Майра жеңгеміз жаңа құдалармен танысты. Тойдың майда-шүйда мәселелері талқыланды", - дейді ақтөбелік әжей.

Нұржанның қалыңдығы Жанар қаладағы жеке компаниялардың бірінде еңбек етеді екен.

Оның ата-анасы да айтарлықтай үлкен талап қоймапты. Бұл жайт әулеттегілерді қуантып тастаған.

"Біз «Беташарды» үйде жасап, артынша құдаларды күтеміз деп шештік. Ал кешкісін мейрамханада үйлену тойы болатын болды.

«Беташар» керемет өтіп, жаңа түскен келіннің ажары көпшілігімізге қуаныш сыйлады. Қасы –көзі қиылған, аққұба жан екен.

Екі ортада аптығып, сүрініп жүрдік. «Құда күтуге» дайындалып, дастарханның қамымен жүгірдік", - дейді Хадиша апай.

Оның айтуынша, қызықтың көкесі сол кезде болыпты. Жаңа түскен келінді жақын туыстарының бірі танитынын айтқан.

Жанар бұрын тұрмыста болып, ажырасқан екен. Тіпті бірінші күйеуінен бір ұлы бар екені анықталыпты. Бұл әңгіме дереу әулет үлкендерінің құлағына жеткен.

"Әрине, жаңа түскен келіннің көзінше ұрысуға болмайтынын түсіндік. Майра жеңгеміз келінінің бұрынғы өмірін Нұржанның өтініші бойынша бізден жасырғысы келгенін айтты.
Бұл жағдай барлығымызды ренжіткені рас. Бұрын шаңырақ құрмаған ініміздің өзі сияқты пәк қызды алғанын қалаған едік", - дейді кейіпкеріміз.

Көпшілік бәрінен бұрын «беташар» салтының жасалғанына реніштерін білдірген. Дәстүр бойынша, бұрын босаға аттаған келіншектің беті қайтадан ашылмау керек екен.

"Қазір енді «Беташардың» тәрбиелік мәні қалмай бара жатыр ғой. Бірақ біздің отбасымызда осындай жағдайдың болатынын білмеппіз.

Өте, өкінішті. Жанардың бұрынғы өмірі туралы білгенімізде, «беташар» жасамайтын едік. Үйлену тойы мен құдалықпен шектелуге болады ғой" ,- дейді ақтөбелік әйел.

Хадиша апай жалпы «беташар» дәстүріне қазір көпшіліктің көзқарасы өзгеріп кеткенін айтып, налиды. Ол тәрбиелік мәні зор салттың өзгеріске ұшырап жатқанын қаламайды.

"Қазір екіқабат қызға да «Беташар» жасалып жатқанын көріп жүрміз. Ал шындап келгенде бұл дәстүр пәк әрі таза қалыңдықтардың құрметіне жасалады ғой. Дәстүрімізді сақтау арқылы ұлтымызды сақтауға болады деп ойлаймын. Сол себепті құндылықтарымызды жоғалтпайықшы", - деп сөзін түйіндеді Хадиша апай.

Қазір жас отбасы бір шаңырақтың астында тұрып жатыр. Ал Жанардың ұлын нағашы әжесі бағып отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777832-aktbelik-zej-azyraskan-kelinsekti-betin-kajta-askandarga-renis-bildirdi/