RU

Маңғыстау облысында түрмеден қашып кеткен "Шрек" қолға түсті

Жазалау мекемесіне оралмағаны үшін 29 жастағы ер азамат тағы екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстау облысында түрмеден қашып кеткен "Шрек" қолға түсті
Фото: ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті: Facebook

2019 жылдың төртінші ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев колония аумағында бақылаусыз жүру мүмкіндігін пайдаланып, «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмаған.

«10 ақпан күшін кешке ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде құрықталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты қылмыстық кодекстің 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777840-magystau-oblysynda-trmeden-kasyp-ketken-srek-kolga-tsti/