Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жеке тұрғын үйдегі жарылыстың неден болғаны анықталды

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев Шымкентте жеке тұрғын үйдің бірінде болған жарылыстың себебін атады деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: UGC

Садубаевтың сөзінше, зардап шеккендердің бірі снарядты арамен кескен. Салдарынан жарылыс орын алған.

Олар оны метал қабылдау орнына өткізбек болыпты.

"Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан алынғанын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 287- бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ІІМ өкілі.

Еске сала кетейік, 11 ақпан күні таңертеңгілік уақытта Шымкенттегі Забадам шағын ауданында жек үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ауруханаға түскен еді.

Дәрігерлердің сөзінше, екі науқаста жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1778070-symkentte-zeke-trgyn-jdegi-zarylysty-neden-bolgany-anyktaldy/

pixel