Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көз тиген адамның ажал құшуы мүмкін бе?

Опубликовано:

рука гадалки с перстнями на ней, карты
Фото: Facebook

Көз тию ұғымы тек қазақтарда ғана емес, көптеген ұлттарда бар ұғым деуге болады. Бұл түсінікті ислам, христиан сынды дәстүрлі діндер де жоққа шығармайды. Соған байланысты көз тиюдің ойдан шығарылған нәрсе емес екенін бағамдауға болады деп жазады akikat01.com сайты.

Ислам діні не дейді?

Пайғамбарымыз көз тиюді ойдан шығарылған емес, өмірде бар шынайы құбылысқа балаған. Ал ислам дініндегі ғұламалар көз тию біреудің ісіне іштарлықпен қайран қалып, қараудың негізінде пайда болатынын және қараған адам тарапынан улы жәндік шаққандай әсер ететінін айтқан. Тіпті, ислам дінінде көз тиюден сақтайтын және көз тиген жағдайда оны залалсыздандыратын дұғалар бар.

Көз тиюдің әсері

Іші тар, қызғаншақ адамдарда көз тигіштік қасиет болады екен. Олар біреудің жақсы ісін көргенде қызғанышпен сұқтана қараса, оның көзі арқылы таралған лас қуат әлгі адамға кері әсерін тигізіп, көңіл күйіне әсерін тигізуі, тіпті әлсіретіп, дертке ұшыратуы, ажал құштыруы да мүмкін.

Көз тию біздің өмірімізде жиі болып жатады екен. Бірақ, көбіміз оны байқамаймыз, түрлі ауруға санап, мән бермейтін көрінеміз.

Көз тиюден сақтанудың ең сенімді жолы – имандылық, Алланың жолымен таза жүру дейді. Яғни, діни парызын дұрыс орындап, күнәлі істерден аулақ жүретін жандарға көз тию сияқты құбылыс онша әсер етпейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778082-kz-tigen-adamny-azal-ksuy-mmkin-be/

pixel