Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда әкімдігі қызу талқыға түскен ұсқынсыз мүсінге қатысты жауап берді

Опубликовано:

Қызылорда әкімдігі көпшіліктің сынға ұшыраған қазақ қызының ұсқынсыз мүсініне қатысты жауап берді. Анықталғандай, ел арасында қызу талқыға түскен ескерткіш бүгінде қала аумағында жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Өмірзақ Ақжігіттің Facebook парақшасынан
Фото: Өмірзақ Ақжігіттің Facebook парақшасынан: Instagram

Қала әкімдігі ұсқынсыз мүсіннің әлі өз орнында тұрғаны жайлы пікірді жоққа шығарып, оның үш жыл бұрын алынып тасталынғанын мәлімдеді.

"Аталған кіші архитектуралық фигура 2015 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында, орталық "Жібек Жолы" көшесі бойына "Қызылорда Көркем" ЖШС мекемесімен қойылды. Мүсін арнайы мамандардың қолымен дайындалды. Дегенмен осы кіші архитектуралық фигураға сай қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы тарапынан сын пікір айтылып 2016 жылдың басында алынып тасталды. Қазіргі уақытта аталған кіші архитектуралық фигура қала аумағында жоқ" , - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше Қызылордада қазақ қызына қойылған ұсқынсыз мүсін қызу талқыға түскені жайлы жазған болатынбыз.

Желі қолданушысы ескерткіштің тиісті деңгейде жасалмағанына шүйліккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778088-kyzylorda-kimdigi-kyzu-talkyga-tsken-skynsyz-msinge-katysty-zauap-berdi/

pixel