Сағынтаев ТЖК басшысы орынбасарын қызметінен босатты
Опубликовано:
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатуды тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев қызметінен босатылсын.
Ол ұзақ уақыт бойы Астана қаласы бойынша ТЖ департаментін басқарды", - деп мәлімдеді премьер-министр үкіметтегі отырыс барысында.
Естеріңізге сала кетейік, Сағынтаев ІІМ-нің жоғары лауазымды шенеуніктеріне сөгіс жариялауды ұсынған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778126-sagyntaev-tzk-bassysy-orynbasaryn-kyzmetinen-bosatty/