Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Altyn Bank-тен жылжымайтын мүлік несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

Опубликовано:

AltynBank пен BI Group холдингі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, бұл келісім қазақстандық компания мен Қазақстандағы China CITIC Bank еншілес қаржы институты арасындағы бірқатар жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Altyn Bank-тен жылжымайтын мүлік несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

Құжатқа BI Development сату орталығының бастығы Гүлсім Шокарова және Altyn Bank АҚ астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова қол қойды.

«Қазақстанның астанасы күн сайын өсіп, дамып келеді, жаңа тұрғын үйлер салынуда, - деп атап өтті Altyn Bank астаналық филиалының директоры Тоғжан Қайырбекова. – Бұл нарықтың өсуі үшін үлкен әлеуеті бар. BI Group ірі инвестициялық-құрылыс компаниясымен әріптестікте біз қазақстандықтарды сапалы және сенімді тұрғын үй сатып алу үшін жаңа мүмкіндіктермен қуанта отырып, әсерлі нәтижелерге қол жеткізе аламыз».

«Ипотекалық кредиттеу бойынша қызметтердің тиімді шарттарын ұсынуға дайын серіктестеріміздің өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Бізбен ірі қаржы институттары: «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі», «Банк Центркредит», «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» және «Сбербанк» жұмыс істеуде.

Altyn Bank-тен жылжымайтын мүлік несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

Бүгін бұл тізімге AltynBank қосылды. Соның арқасында қазақстандықтар үшін тұрғын үйді несиеге сатып алу процесі одан әрі қолжетімді болады. BI Finance жұмысын бастағалы орталыққа 801 клиент келді. 2019 жылдың қаңтар айында 1,426 млрд теңге сомаға 70 несие берілді», - деді BI Development сату бөлімінің бастығы Гүлсім Шокарова.

Естеріңізге сала кетейік, мамандандырылған орталық тұрғын үй сатып алуға байланысты барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бір терезе қағидаты бойынша халыққа ипотекалық несие беру бойынша толық кешенді қызмет көрсетеді.

Altyn Bank-тен жылжымайтын мүлік несиелерін енді BI Finance ипотека орталығынан алуға болады

2017 жылы Қазақстанда ипотекалық несиелеу көлемі 355,8 млрд теңге, 2018 жылдың 10 айында 410 млрд теңге болды. 2017 жылы BI Group холдингіндегі пәтерлерді ипотекалық кредиттеу арқылы рәсімдеу пайызы 5,9%, 2018 жылы – 15% құрады. 2019 жылы компания тұрғын үйді несиеге сату үлесін 30%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

BI Finance ипотека орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Астана қ., Сығанақ көшесі, 18/3, Viva Plaza бизнес орталығы мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778143-altyn-bank-ten-zylzymajtyn-mlik-nesielerin-endi-bi-finance-ipoteka-ortalygynan-aluga-bolady/

pixel