"Әйеліне барған жоқпын": Шалқарда әкім орынбасарын ауылдасы сабап кеткен

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Құрманғазыұлы өзінің ем алып жатқанын айтты. Шенеунік өзін ауылдасы сабағанын да растап отыр. Оқиғаға қатысты полицияға арыз түсірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: MPort
Фото: MPort: Twitter
"Бұл жеке басыма қатысты жағдай болған соң, артық ақпарат айта алмаймын. Қазір полицияға арыз түсірдім. Ол жұмыстан кейінгі болған жағдай еді. Қазір ауырып, емделіп жатырмын", - деді Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Құрманғазыұлы.

Ауылда әкімнің орынбасары мен ауыл тұрғынына қатысты әртүрлі қауесет тарап кеткен. Шенеуніктің таяқ жегенін әркім сан-саққа жүгіртіп жүр.

"Мен оның әйеліне барған жоқпын. Бұл жағдайдың терең тарихы бар",-деп қысқа қайырған шенді даудың неден шыққанын ашып айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778224-jeline-bargan-zokpyn-salkarda-kim-orynbasaryn-auyldasy-sabap-ketken/

jitsu gif