Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челсидің" жеңісіне несие алып, ақша тіккен тараздық жігіт отбасынан айырылды

Опубликовано:

Асхат есімді Тараз тұрғыны - нағыз футбол жанкүйері. Жас жігіттің айтуынша, ол сүйікті командасы "Челсидің" бірде-бір ойынын қалт жібермей көреді екен. Кейде достарымен ойынға ақша тігетін көрінеді. Алайда Асхат футболға деген махаббаты отбасын бұзып жібереді деп ешқашан ойламаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru, pschuca.ru Коллаж: NUR.KZ
Фото: eurosport.ru, pschuca.ru Коллаж: NUR.KZ: Facebook
"Бизнеспен айналысамын. Кішігірім ЖШС-ым бар. Жеті жыл бұрын отбасын құрғанмын, екі балам бар. Әрине шығын деген көп, алайда барынша тырысып жатырмыз. Техника алу үшін несие алу - біз үшін өте сирек болып тұратын жағдай. 10 ақпан күні 1 миллион 800 мың теңге несие алдым. ЖШС аумағын кеңейтпек болдық. Алайда, өз ақымақтығымнан тығырыққа тірелдік" , - деп бастады Асхат.

Сол күні Асхаттың сүйікті командасы "Челси" "Манчестер Сити" клубына қарсы ойнаған. Дәстүр бойынша, азамат достарымен мейрамханада футбол көруге барады.

Ақшаға толы сөмкесін көлікте қалдырып кеткен. Бұл кездесу аса тартысты болады деп күтілгенімен, ер адам ішімдікті қолданбауды жөн көрген.

"Әдеттегідей, ең жақын достарыммен жиналдық. Ойынның басталуына санаулы ғана сағаттар қалған. Достарым ішеміз деп қоймады. Оған қоса, өзім де бір демалып алғым келді. Кездесудің соңында сау жүргізушіні шақырып аламын деп шештім.

Aқша тіге бастадық. Ол сәтте мен біраз қызып қалған болатынмын. Мен "Челсидің" жеңісіне сенімді болып, жеңіл ақша тапқым келді.

Далаға шығып, көліктен ақша алғаным есімде. Жақын досым райымнан қайтармақ болды. Бірақ мен оны тыңдай қоймадым" , - деді кәсіпкер.

Өкінішке орай, сол күні "Челси" 0:6 есебімен ойсырай ұтылыптыы. Асхат та қомақты қаржыдан қол үзіп, үйіне өте кеш барған.

Таңертең әйелі ақша жөнінде сұрағанда, отағасы бар шындықты айтып берген.

"Бұл жайтты жасырып қалу мүлде орынсыз еді. Жарым маған нағыз жанжал ұйымдастырды. Айғайлап мені балағаттатды. Мені алқаш деп атады. Мен оны үнсіз тыңдадым. Ашуы басылғанын күткенмін. Алайда, жанжалдың соңында әйелім киімін жинап, балаларды өзімен бірге алып кетті. Осылайша, "Челсидің" кесірінен мен отбасымсыз қалдым" , - деді Асхат.

Қазіргі таңда Асхат қаржы іздеп жатыр екен. Оның достары да мұндай ақша тауып бере алмайды. Ер адам тез арада несиені жапқысы келеді. Ал қарызды бизнестің арқасында өтемек.

"Мен бұл жағдайға өзімнің ақымақтығымнан тап болғанымды жақсы білемін, түсінемін. Менен басқа ешкім де кінәлі емес.

Осыдан кейін енді мүлде ішімдік пен ақша тігуден аулақ боламын деп шештім. Жарыма хабарласып жатырмын. Алайда, сөйлесуге мүмкіндік болмай жүр.

Уақыт өте оның ашуы басылады деп ойлаймын. Мен өз балаларым мен әйелімді қатты жақсы көремін. Ол бұл мақаланы оқып мені кешііреді деп үміттенемін" , - деді Тараз тұрғыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778291-celsidi-zeisine-nesie-alyp-aksa-tikken-tarazdyk-zigit-otbasynan-ajyryldy/

pixel