RU

Құдықтан табылған нәресте: Ақтау полицейлері оқиғаның мән-жайын айтты

Ақтауда құдықтан табылған нәресте бар-жоғы үш-төрт айлық қана болған. Тәртіп сақшылары жантүршігерлік оқиға жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: alayam.com
Фото: alayam.com: Facebook

Шақалақтың өлі денесі 10 ақпан күні, шамамен сағат 18:40-та құдықтан табылған.

Полицейлердің айтуынша, нәрестенің анасын әзірге анықтау мүмкін емес болып отыр. Оған кәріз құдығына қала бойынша су ағып келетіні кедергі келтіруде.

"Оқиғаға қатысты сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті" , - деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда кәріз құдығынан сәбидің өлі денесі табылғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778360-kdyktan-tabylgan-nreste-aktau-policejleri-okigany-mn-zajyn-ajtty/