RU

Алматы полициясы көлік жүргізушілерді бақылауды күшейтті

Алматылық тәртіп сақшылар көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы жол ережесін бұзу оқиғаларын анықтауға кірісті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы жол ережесінің сақталуын бақылауды күшейте түсті. Бүл әрекеті арқылы тәртіп сақшылар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апатты жағдайлардың санын азайтуды тырыспақ.

"Жол-патрульдік полициясының жұмысы көбейіп, жаяу полицейлер мен бөлімше тәртіп сақшыларының қызметі күшейе түсті" , - деп хабарлады департамент өкілдері.

Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері белбеуді тақпай, қарама-қарсы жолға шығып жүрген жүргізушілерді анықтап жатыр. Оған қоса, көлікті мас күйде жүргізіп, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесетін темір тұлпар иелері де жазаланатын болады.

Сонымен қатар, жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілер де жауапкершілікке тартылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778497-almaty-policiasy-klik-zrgizusilerdi-bakylaudy-ksejtti/