RU

Қостанай облысында 24 жастағы жігіт жоғалып кетті

Қостанай облысында 24 жастағы жігіт жоғалып кетті. Никита Миляев 9 ақпан күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Никита Миляев. Фото: "Region 10" еріктілер тобы
Никита Миляев. Фото: "Region 10" еріктілер тобы: Original

Қостанайлық "Region 10" еріктілер тобының мәліметінше, олар Никитаны іздеуге кеше де, бүгін де шыққан. Алайда жас жігіттен әлі де хабар жоқ.

Айта кетейік, Никитаның шүйдесінде 3-4 см болатындай тыртығы бар. Ал сол қолында күйіктен тыртық қалған.

Ал Никита жоғалған күні қара түсті бас киім мен қою көк түсті куртка киген.

Никита Миляевты көрген-білгендер болса, жақындары +77054514403, +77002837578,+77477637368 нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778594-kostanaj-oblysynda-24-zastagy-zigit-zogalyp-ketti/