Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гламурный" мәсі сатып байыған алматылық келіншек табыс құпиясымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Алматылық Рахима Исағұлова бүгінде ерекше кәсіппен айналысады. Нақтырақ айтқанда, үш баланың анасы Өзбекстаннан мәсі-кебіс әкеліп, оған ою-өрнектер, әшекей тастар жапсырып сатады деп жазады "Замана".

Фото: Замана
Фото: Замана: Facebook

Бала күнінен іс тігуді жаны сүйетін Рахима базардан қарапайым мәсі-кебістерді көргенде осы кәсіп туралы ойлағанын айтады. Алайда, келіншектің үй шаруасымен, күйбең тіршілігімен бұл жұмысқа кірісетін уақыты болмапты.

Ақырында үйде бала күтімімен отырған ол 2015 жылдан бастап "гламурный" мәсілерді дайындауды бастап кеткен екен.

Бүгінде өз тұтынушыларын қалыптастырған кәсіпкер қажетті тастарды базардан, ал мәсі-кебістерді өзбектерден алатынын жасырмады.

Сондай-ақ, келіншек аяқ киімге түсетін тапсырыстар туралы сөз қозғады.

Фото: Замана
Фото: Замана: Twitter
"Еліміздің барлық аймағына жеткізе аламыз. Сонымен қатар, Атырау, Тараз, Ақтау, Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында көтерме бағада берілетін нүктелеріміз де жұмыс істейді. Тапсырыс беруші пойыз арқылы десе 3 күнде, ал поштамен тиімді десе 10 күнде тауарын алады. Ал Шымкенттен сұраныс өте аз түседі",- деді ол.

Исағұлова өз қолынан дайындаған "гламурный" мәсілердің құны қымбат емес екенін де айтып қалды.

"Үлкен кісілер таза былғарыдан тігілген, құны 23 мың теңге тұратын аяқ киімді ойланбастан сатып алады. Ата-анасынан аянып қалмайтын ұл-қыздар біздің бағаны қомақты деп есептемейді. Сапалы, сұлу тігілген ұлттық нақыштағы тауарымыздың арзаны 15 мың теңге тұрады. Бір аптаға жетпей он дана мәсі-кебіс өтіп кетіп жатыр", -деді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778660-glamurnyj-msi-satyp-bajygan-almatylyk-kelinsek-tabys-kpiasymen-blisti-foto/

pixel