RU

Астанада ашынасымен қонақүйде көңіл көтерген азаматты әйелі ұстап алған

Астанадағы қымбат мейманханалардың бірінде үш жылдан астам әкімші болып қызмет еткен маман, мейманханада түрлі оқиғалардың куәсі болғанын айтып берді. Жас жігіт қонақүйге көп жағдайда отбасылы адамдар ашыналарымен келетінін жасырмады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: babyblog.ru
Көрнекі фото: babyblog.ru: Facebook

Астаналық Марғұлан есімді жігіт осыдан бір жыл бұрын қонақүйде әкімші болып қызмет еткен. Қатарынан үш жыл бойы аталған орында еңбек еткен ол, талай "қызық" оқиғалардың куәсі болдым дейді.

"Қонақүйге жұмысқа тұрғаныма екі-ақ ай уақыт өткен еді. Әлі есімде, 8-наурыз қарсаңында қонақүйге орта жастағы ер адаммен жас қыз келген еді. Мен бір көргеннен жанындағы жас қыз ол кісінің көңілдесі екенін ұқтым. Алайда клиент келіп, бөлмеге тапсырыс берген соң, біз оған барлық жағдайды жасауға тырысуға тиістіміз. Олар бөлменің кілтін алып, онда кешкі ас әкелу туралы ұсыныс айтқан еді.

Бір мезетте қонақүйге түр-келбеті сұсты, қабағы қатулы әйел кіріп келді. Бірден әйел адамның ашулы екенін сездім. Ол келе салып бізден әлгі ер адам мен жас қыз жайлы сұрай бастады.

Қолындағы неке жүзігін көріп, сол кісінің жұбайы екенін түсіндім. Келіншек отағасының тіпті қай номерге жайғасқанын да біліп алған екен. Күзетшіге бой бермей, лифтімен шұғыл көтеріліп, әлгі бөлмедегі күйеуі мен ашынасының үстінен түсті. Өте ұят жағдай болды. Ашу үстіндегі әйел екеуін де балағаттап, қонақүйден қуып шықты.
Одан кейін бізден "Жиі келе ме? Қашаннан бастап келіп жүр?" деп сұрақ жаудыра бастады. Әрине біз оқиға қалай болды, солай жауап бердік. Өмірімде бірінші рет осындай оқиға болғандықтан, көпке дейін осы жұмыстан кетейін бе деген ойда жүрдім. Бірақ басқа жұмыстың реті шықпай, қатарынан үш жыл сонда жұмыс істеппін", - дейді азамат.

Бүгінде бұрынғы қонақүй қызметкері жеке кәсібін ашқан.

"Жинаған ақшама дүкен ашып, жеке кәсіпкер болып кеттім. Әлгіндей жағдайды ешкімге тілемес едім. Өтіріктің арты бір-ақ тұтам, сондықтан отбасылы адамдардың осындай әрекеттері бірде болмаса, бірде білінетіні шындық. Өзім ата-әжемнің, ата-анамның тәрбиесін көріп өскен адаммын, кейін үйленгенде әйелімнің көзіне шөп салып, ондай опасыздыққа бармас едім", - дейді жас кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778680-astanada-asynasymen-konakjde-kil-ktergen-azamatty-jeli-stap-algan/