RU

Нұржан Әлтаев бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болатыны жайлы айтқан сөзін түсіндірді

Депутат Нұржан Әлтаев бір балаға ақшаны үнемдеп, 20 мың теңге жұмсауға болатыны жайлы айтқан сөзін түсіндіріп берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұржан Әлтаев. Фото: kazpravda.kz
Нұржан Әлтаев. Фото: kazpravda.kz: Twitter
"20 мың теңге жайлы айтқанымда ойыма Астанада өз талаптарын айтқан аналар түсті. Ол кісілер мемлекеттік жәрдемақының ай сайын 20 мың теңгеге дейін көтерілуін талап еткен болатын. Естеріңізде болса, қаржы министрі бұл сұрақтың қаралып жатқанын айтқан еді.
Менің ойыма бірден мемлекеттік жәрдемақы түсті. Сондықтан бірден үнемдесе 20 мың теңгенің жететінін айттым. Бес баласы бар әке ретінде маған 100 мың теңге төлесе, бұл қосымша ақы болатын еді", - деді Әлтаев.

Естеріңізге сала кетейік, депутат Қазақстанда үнемдеген жағдайда бір баланы 20 мың теңгеге асырауға болатынын мәлім еткен болатын.

Айта кетейік, Әлтаев бес баланың әкесі. Ал балалардың күтімімен депутаттың әйелі айнадысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778707-nrzan-ltaev-bir-balany-20-my-tegege-asyrauga-bolatyny-zajly-ajtkan-szin-tsindirdi/