RU

Ауа райы: Еліміздің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал

Бүгін, 15 ақпан күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Еліміздің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы ықтимал
Көрнекі фото: vkontakte: UGC

Жамбыл облысында қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.  

Алматы облысында тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді. Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778737-aua-rajy-elimizdi-kej-zerlerinde-nser-zabyr-zauuy-yktimal/