Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз кезекті өнерімен көзге түсті (видео)

Опубликовано:

Желіде Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған видеосын жүктеп, көпшіліктің талқысына түскен Ксения Панкратова енді Қайыңды көлінде де конькимен өнер көрсетті. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Алматылық Ксения Панкратова жаңа видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан қыздың мұз үстінде сырғанағанын байқауға болады.

"Қайыңды көлінің ғажайып сұлулығы. Суық. Аяқ астында тырсылдап жарылған мұз. Бұл - шынайы табиғат үні", - деді қыз жазбасында.

Желі оқырмандарының басым бөлігі Панкратоваға жақсы пікір қалдырған.

Еске сала кетсек, алматылық мәнерлеп сырғанаушы Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанап видео түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778766-lken-almaty-klinde-syrganagan-kyz-kezekti-nerimen-kzge-tsti-video/