Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ардагер өлімі: Лифтіні жөндейтін маманның неге кеш келгені белгілі болды

Опубликовано:

"Алматылифті" ЖШС басшылары ауған соғысы ардагерінің өліміне себепкер болған, істен шыққан жедел сатыны жөндейтін маманның неге кеш келгенін де түсіндірді деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Getty Images

Алғабас-6 шағын ауданында істен шығып, ақыры адам өлімімен аяқталған лифтіге тек соңғы бір айда екі рет шағым түскен.

"Бізде адам қамалып отырса, соған бірінші барамыз. Адамдар қамалған, осыны шығарып келген. Барынша көмек көрсетеміз. Комиссия құрылды, бірақ біз қарап отырмаймыз. Қол ұшын береміз", - деді "Алматылифті" ЖШС директорының орынбасары Алмас Сартаев.

Алматы қаласындағы мың бір жүзден астам лифтінің тозығы жетсе, биыл олардың үш жүзін ауыстыру жоспарланыпты.

Ал қайғылы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабымен іс қозғалды. Егер жауаптылардың өз ісіне салғырттық танытқаны дәлелденсе төрттен сегіз жылға дейін жаза арқалауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1778941-almatydagy-ardager-limi-liftini-zndejtin-mamanny-nege-kes-kelgeni-belgili-boldy/

pixel