Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік имам жалғызбасты анаға бір айлық жалақысын апарып берді (фото)

Опубликовано:

Ақтөбелік имам алты баласы бар, жалғызбасты әйелге бір айлық жалақысын берді. Амантай Садиев күйеуі тастап кеткен Гүлназира Смағұловаға 60 мың теңге берсе, өңірдің өзге тұрғындары келіншекті азық-түлікпен қамтамасыз етуде деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото:NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original

Қала имамы жалғызбасты анағы енді мешіт ондығымен бірге тұрақты көмек көрсететінін мәлім етті.

"Мықты анасыз. Алла балаларыңызға денсаулық, сізге сабыр берсін. Бала тәрбиесі ауыр да, үздіксіз еңбекті талап етеді", - деген қала имамы Амантай Садиев жалғызбасты анаға 60 мың теңге көлеміндегі бір айлық жалақысын табыс етті.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Көпбалалы ананың отбасына қаладағы такси қызметінің мамандары да мұздатқыш арқалап келген.

"Отбасының мұқтаж екенін естіп, көмек көрсетуге келдік. Адамдардың әкеліп берген еттері бөлмеде жатыр. Холодильниктері ескі, істемейді екен. Біздің Петропавл қаласындағы ғимаратымыздың басшысы отбасыға көмек ретінде холодильник алып беру керек деп шешті.
Қолымыздан келгенше көмекті аямаймыз", - дейді "Такси сити" қызметінің өкілі Қайрат Дуисов.

Олар жалғызбасты анаға балалары жататын жұмсақ жиһаз әкеліп беруге әуде етті.

Гүлназира Смағұлованың айтуынша, мұндай мұздатқыш алуды көпбалалы ана біраз уақыттан бері армандаған.

Халық жалғызбасты ананың үйіне еттен бастап, күнделікті тұтынатын азық-түліктерді қапшықтап тасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлназира Смағұлованың қиын өмірі NUR.KZ порталында жарияланған болатын.

Сондай-ақ Ақтөбелік депутаттар емізулі баласымен еден жуып жүрген келіншектің қарызын өтеп берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779074-aktbelik-imam-zalgyzbasty-anaga-bir-ajlyk-zalakysyn-aparyp-berdi-foto/

pixel