RU

Қызылордада бір сәтте үш ұлынан айырылған ана көз жасын тоқтата алмады (фото)

Қызылордада газ балоны жарылып, үш баласынан айырылған Жәмила Сәдуова Алматыға арнайы келді. Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы өз кітабының таныстырылымына қамкөңіл ананы арнайы қонақ қылып шақырған деп жазады NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Twitter

Көпшілік алдында сөз алған Жәмила Сәдуова көз жасын тоқтата алмай, мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемейтінін айтты.

"Бұл қайғылы оқиға 9 қаңтар күні болды. Газ балоны жарылып, үш бірдей ұлымнан айырылып қалдым. Мұндай жағдайды ешбір ананың басына тілемеймін.

Үлкен ұлым бір нәрсені сезгендей, Қызылордадан Алматыға көшейікші деп айта беретін.

Тұңғышым әлем чемпионы болуды армандаса, екінші ұлым президент боламын дегенді жиі айтатын. Тілсіз жау оларды алып кетті...

Жаным жабырқағанда демеу бола білген халыққа, Бибігүл Дәулетбекқызына айтар алғысым шексіз", - деді үш ұлынан айырылған Жәмила ана.
Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Instagram

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қайғыдан қан жұтқан Жәмиланың сыртынан әңгіме таратып, тілдейтін адамдарға үндеу жасады.

"Жәмиланың басындағы ауыр жағдайға атүсті қарай алмадым. Қолымнан келгенше көмектескім келді. Оның номерін тауып, күні-түні сөйлесіп, халықтан көмек сұрай бастадық. Бүгінде 4 миллионнан аса ақша жиналды. Осы қаражатқа тағы да ақша қосып, Алматыдан бір бөлмелі пәтер алып берсек деген арманымыз бар. Жомарт азаматтар қарап қалмаса екен.
Фото: әлеуметтік желілерден
Фото: әлеуметтік желілерден: Twitter
Ал жан жарасы ушыққан Жәмиланың сыртынан әңгіме таратып жатқандар да бар екен. Мұндай адамдарға не айтуға болады?

Біріншіден, үш баланың осылай ажал құшуына оның альфонс әкесі де кінәлі. Егер үш ұлдың әкесі балаларына бас-көз болса, өзекті өртейтін ауыр қаза болмас па еді?!

Сондықтан, мұндай өсек таратудың қажеті жоқ", - деді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Бибігүл Дәулетбекқызының "Альфонс жігіттің тағдыры" атты кітабы жарыққа шыққанын мәлімдеген болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779200-kyzylordada-bir-stte-s-lynan-ajyrylgan-ana-kz-zasyn-toktata-almady-foto/