RU

Алматыдағы актриса өлімі: Куәгерлер жүргізушінің мас болғанын мәлімдеді

Алматыда үш адамның өмірін қиған жантүршіктірер көлік апатына қатысты даулы істің кезекті отырысы өтуде. Актриса Шолпан Елгезек қайтыс болған қайғылы оқиғаның куәгерлері айыпталушы Кар көлікті мас күйінде жүргізгенін айтты деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыдағы актрисаның өлімі: куәгерлер жүргізуші мас болғанын мәлімдеді
Фото: NUR.KZ: Facebook

Ильяс Кардың өзі ішімдік ішпегенін алға тартып отыр.

Grand Opera караокесінің даяшысы Кардың мас болып, өзін дөрекі ұстағанын, сонымен қатар, караоке кассирі де айыпталушыдан ішімдіктің иісі шыққанын мәлімдеді.

Алайда айыпталушы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мас болған жоқпын. Ішкен жоқпын. Тек әріптестеріммен су құйылған стақан соғыстырдым. Даяшы өтірік айтып отыр. Оның көзінше арақ ашқан жоқпын және оны жұлқыламадым. Оларды танымаймын да. Кассирдің не себепті ішімдіктің иісі шықты деп айтқанын білмеймін", -деп мәлімдеді Кар.

Сондай-ақ, караокеде бірге болған танысы сотта куәлік етіп, Ильястың ішкенін айтты. Дегенмен Кардың сөзінше, танысы қатты мас болған, сондықтан кімнің ішкенін, ал кімнің ішпегенін білмейді.

"Жол-көлік апатын жасағанымды мойындаймын. Адамдардың өліміне мен жауаптымын. Бірақ мас болмадым. ЖКА болған жерден не себепті кеткенімді түсіндірдім. Адамдар жүргізушіні іздей бастаған соң кетіп қалдым", - деп түсіндірді айыпталушы.

Ілияс Кар алты жыл бұрын анықталған қатерлі ісік үшін ішімдік ішпейтінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, сол түні ол әйелімен ренжісіп кетіп қалған.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды.

29 желтоқсан күні таңғы уақытта болған апатты жағдай салдарынан отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы жалпы үш адамның өмірін жалмады.

Оған қоса, көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінде жатқызылған. Күні кеше, оның есін жиғаны туралы хабарланған болатын.

Күні кеше, полицейлер жантүршігерлік жол апатына қатысы бар көлік жүргізушісін тұтқындады.

12-ші ақпан күні жәбірленуші тарап өкілдері сотта сөз сөйлеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779213-almatydagy-aktrisa-limi-kugerler-zrgizusini-mas-bolganyn-mlimdedi/