RU

Алматыдағы актриса өлімі: Прокурор Ильяс Карды сегіз жылға соттауды сұрады

Алматыда жол апатында қаза тапқан үш адамның өліміне қатысы бар деп күдіктелген Ильяс Кардың ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгінгі тыңдалым кезінде прокурор айыпталушы азаматты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні темір торға тоғытумен қатар, оны жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыруды талап етті.

"Ильяс Карды үш адам қаза тапқан жол апатында кінәлі деп тауып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесуіңізді сұраймын. Оған қоса, күдіктіні жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыруды сұраймыз" , - деді прокурор судьяға.

Күдікті әрбір зардап шеккен тарапқа бір миллион теңгеден төлеуге әзір екенін айтты.

Еске сала кетейік, Ильяс Кар үш адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатына кінәлі деп айыптап жатыр. Ер адам жол ережесін бұзып, апатты жағдай тудырған. Оқиғада үш адам қаза тапты. Тағы бір адам тірі қалды.

Көліктердің соқтығысуы нәтижесінде Mitsubishi жүргізушісі, танымал актриса Шолпан Елгезекова мен оның құрбысы Динара Хамитова қаза тапқан. Айзада Сатыбалдиева жол апатынан сансыз жарақат алып, ауруханаға түскен.

Бұған дейін Ильяс Кар оқиға орнынан не себепті қашып кеткенін түсіндіріп, жол апатының қалай болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779228-almatydagy-aktrisa-limi-prokuror-ilas-kardy-segiz-zylga-sottaudy-srady/