Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында құрбысымен кездеспек болған қыз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

22 жастағы Анастасия Галеева тоғызыншы ақпан күні құрбысына кетіп, сол күйі үйіне оралмады. Бойжеткеннің туысының айтуынша, ол достарынан түнгі уақытта кетіп қалған. Алайда содан кейін оны ешкім көрмеген деп жазады NUR.KZ.

Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан
Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан: Original

Cоңғы рет ару ГРЭСтегі Жаңа Қуат ауылында болған. Сол күннен бері оның ұялы телефоны сөндірулі екен.

Бастапқыда бойжеткеннің туыстары барлық ауруханалар мен достарына хабарласып, өздігінен іздестіре бастаған. Бірақ нәтиже болмаған соң, олар полиция көмегіне жүгініпті.

Оған қоса, 13-ші ақпан күні Анастасияның туған күні болған. Бұл күнді ару үнемі өз отбасымен тойлап келіпті.

Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан
Анастасия Галеева. Фото: туыстарының мұрағатынан: Twitter
  • Галеева Анастасия Эдуардовна 1997 жылы туылған. Дене бітімі арықтау келген, ұзын қара түсті дреды және бірнеше татуировкасы бар.

Байланыс үшін - 8 707 353 03 09, 8 705 911 59 10.

"Жоғалып кеткен бойжеткен Алматы қаласында тұрады. Бірақ арыз Талғар аудандық полиция басқармасына 16-шы ақпан күні келіп түсті. Оған сәйкес, қыз бала 9-шы ақпан күні Жаңа Қуат ауылына қонаққа кетіп, жоғалып кеткен.
Оны іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Анастасияның жоғалып кеткені жөнінде хабарлама барлық полиция бөлімшелеріне таратылған" , - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779251-almaty-oblysynda-krbysymen-kezdespek-bolgan-kyz-zogalyp-ketti-foto/

pixel