RU

Жаңа ішкі істер министрі полицейлердің төмен жалақысына қапаланды

Жаңа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлер алатын жалақы деңгейі тым төмен екеніне қапаланды. Бұл туралы ол адам құқығы жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеген деп жазады "Қазақпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: 24.kz
фото: 24.kz: UGC

Оның сөзінше бүгінгі күні он жылдық тәжірибесі бар полиция сержанты орта есеппен 87 мың теңге алады. Тергеушілердің айлық табысы 110 мың мен 147 мың теге аралығын құрайды. Оның өзі тәртіп сақшысының атағына байланысты: лейтенанттан майорға дейін.

Оған қоса, министр ішкі істер қызметкерлері басқа құқық органдарының қызметкерлеріне қарағанда 10-50%-ға аз жалақы алатынын жеткізді.

Тұрғымбаев полиция тергеушісі облыстық экономикалық тергеу қызметкерінен 18%-ға, ал дәл осы қызметті аудандық деңгейде атқаратын маманнан 36%-ға аз айлық алатынын айтты.

Прокуратурамен салыстырғанда аудандық полицейлер 14%-ға, ал облыстық қыметкерлер15%-ға аз жалақыға ие. Орталық аппаратта тіптен, айырмашылық 47% пайызды құрайды.

Айлық табыстағы айырмашылық полиция мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері арасында да бар. Ол 44-46% пайызға тең.

Министр полицейлердің жалақысы жылдың екінші жартысында көтерілетінін еске сала кетті.

Ең аз айлыққа ие патрульдік полицейлерге 65%-ға, жедел тергеу қызметкерлеріне 55%-ға, бөлімше полицейлеріне - 25%, қалған тәртіп сақшыларына 20%-ға жалақы мөлшерін көбейтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779260-zaa-iski-ister-ministri-policejlerdi-tmen-zalakysyna-kapalandy/