RU

Алматы облысында әкімдіктің атынан тәртіп сақшыларын қорқытқан ер адамның масқарасы шықты

Алматы облысында әкімдіктің атын жамылып, тәртіп сақшыларына сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды. "Әкімдік" деген тақтайшаны іліп алып, газель көлігін құжатсыз тізгіндеген жүргізушіні полиция қызметкерлері ұстаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:Zakon-auto.ru
Фото:Zakon-auto.ru: Instagram

Қаскелең полициясы түнгі рейд барысында мемлекеттік нөмірі мен көлік бортындағы нөмірі сәйкес келмеген газелді тоқтатады.

Ал көлік жүргізушісі мен қасында ішімдік ішкен досы әкімдікке хабарласпақ болып, біреуге қоңырау шалған.

Телефон тұтқасын көтерген адам алғашқыда өзінің қалалық әкімдіктен екенін айтқан. Ал сәлден соң көлік тұрағына өзі келген.

Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашевтің айтуынша, бұл жанжалға өзінің де, қызметкерлерінің де қатысы жоқ.

"Асқар менің де атым. Ол кісінің де аты Асқар. Ол кісі бізде жұмыс істемейді. Жігіттердің де бізге қатысы жоқ. Әкімдік деген жазуды заңсыз қолданған. Неге әкімдікті атағанын білмеймін. Бізге қатысы жоқ. Ол кісі Қаскелеңнің тұрғыны. Сырттай көріп жүреміз", - дейді Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев.

Анықтала келе ер адамның "Тазалық" мекемесі директорының орынбасары болып шыққан. Осы оқиғадан кейін аталмыш мекеменің басшысы орынбасарын қызметінен босатыпты.

"Ол расымен менің орынбасарым - Асқар Берісов. Біздің жұмыспен жүретіндей тапсырма берілген емес. Ана жігіттер оның таныстары ма, білмеймін. Ондай көлік те, жұмысшылар да жоқ бізде. Мұндайды мен кешірмеймін", - дейді "Тазалық" ЖШС директоры Болат Туғамбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779271-almaty-oblysynda-kimdikti-atynan-trtip-saksylaryn-korkytkan-er-adamny-maskarasy-sykty/