RU

Арбаға таңылған жігітке тұрмысқа шыққан сұлудың әрекеті жұртты жылатты

Мүгедек жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткеннің видеосы kazakh.toy парақшасында тарап кетті. Ақ көйлек киген қалыңдық пен арбаға таңылған азаматтың үйлену тойын көргендер көз жасына ерік берген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Қос ғашық махаббат вальсін билеген.

Ал жігіттің орнынан тұруына жақындары көмек көрсетеді. Екі азамат күйеу жігіттің екі аяғын өз аяқтарына байлаған.

Содан-соң жігіт орнынан көтеріліп, келіншегімен вальс билейді.

Сүйгенінің орнынан көтерілгенін көрген бойжеткен көз жасына ерік берді.

Желі қолданушылары қос ғашыққа бақыт тілеп, мұндай қадамға баруға кез-келгеннің жүрегі дауаламайтынын жарыса жазды.

"Жарайсыздар!", "Бақытты болыңыздар", "Мұндай шешімді қабылдау да оңай емес", "Қандай жарасымды жұп", "Шынай ғашық болмаса, жарымжан адамға тұрмысқа шығу да оңай емес".

"Алла жар болсын", "Бақыт тілеймін", "Жүрегім ауырып кетті ғой" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779309-arbaga-taylgan-zigitke-trmyska-sykkan-sludy-reketi-zrtty-zylatty/