RU

Алматылық әйелдің көлігінен тоғыз миллион теңгесін ұрлап кеткен

Алматыда жас келіншектің 9 миллион теңгесін ұрлаған топ ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: DonDay
фото: DonDay: Facebook

Алматы қаласында тұратын 31 жастағы әйелдің ақшасын бір сағатта ұрлаған.

Ол қомақты қаражат тұрған сөмкесін өзінің көлігінде қалдырыпты. Мұны пайдаланған қылмыскерлер терезені сындырып, ақшаны алып кеткен.

"Күдіктілер саны төртеу. Олардың кім екенін анықтауға аса көп уақыт кете қойған жоқ. Қазіргі уақытта екі қылмыскер ұсталды. Қалған екеуіне іздеу жарияланды", - деді Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық бөлімінің басшысы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ, күдіктілердің шығыс Қазақстан өңірінің тумалары екені белгілі болды.

"45 жастағы Қ. есімді қылмыскерді біздің бөлімнің қызметкерлері Алматы облысының аумағынан ұстаса, екінші 49 жастағы А. есімді күдіктіні қаладағы Алатау ауданында тығылып жүрген жерінен құрықтады", - деді Искаков.

Айта кетейік, күдіктілер бұрын да ұрлық бойынша істі болған.

Олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779343-almatylyk-jeldi-kliginen-togyz-million-tegesin-rlap-ketken/