RU

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында алдағы үш тәулікте ауа райы бұзылады деп хабарлайды "Қазгидромет" РММ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ekaraganda.kz: Facebook

Синоптиктердің болжамынша, дауылдың болу ықтималдығы 95-100 пайыз.

Ақпанның 20 мен 22 аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтілуде. 20 ақпанда таңертең және күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

20 ақпанда Түркістан облысында қатты жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге жетпек.

Синоптиктер Шымкентте қатты жауын жауады деп болжауда. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20, ал таңертең және күндіз секундына 25 метрге жетеді деп ескертеді мамандар.

20 ақпанда Түркістанда қатты жел көтеріледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 25 м/с болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779452-kazakstanny-otstik-ajmaktarynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/