RU

Нигерия азаматы қазақстандық полицейлерге алғысын жаудырды (фото)

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Нигериядан алғыс хат алды деп хабарлайды Алтайньюс басылымы.

Шығыс Қазақстан полиция департаменті Нигериядан алғыс хат алды
Фото: altaynews.kz: Facebook

Өскеменге қыдырып келген Нигерия азаматы Абаси Чурчил Эммануэль төлқұжаты мен ықтиярхатын жоғалтқан.

Қазақстанда Нигерия елшілігі болмағандықтан, бұл шетелдік қонақ үшін үлкен қиындықтар тудырар еді.

Абырой болғанда қалалық полицей Данияр Мәкенғали "Ивушка" дүкенінің маңынан нигериялықтың жоғалған құжаттарын тауып, шетелдік азаматтың мекенжайын анықтап, үйіне апарып берген.

Алғыс хатын ағылшын тілінде жазған Чурчил Эммануэль Қазақстан полициясының барлық қызметкерлеріне, атап айтқанда ШҚО полиция департаментіндегі полиция капитаны Данияр Мәкенғалиға зор алғысын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779484-nigeria-azamaty-kazakstandyk-policejlerge-algysyn-zaudyrdy-foto/