RU

Бес жыл бұрын жоғалған астаналық азаматтың туыстары оның ғашығын іздеуде

Осыдан бес жыл бұрын жоғалған астаналық азаматтың туыстары үміттерін үзбей, әлі де іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Ұзақ әрі нәтижесіз мүмкіндіктерден соң олар жігіттің өскемендік сүйіктісін іздемек. Олар жігіттің ғашығы оның мекен-жайына қатысты ақпарат береді деп үміттенеді. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: yk-news.kz
Фото: yk-news.kz: Facebook

Владимир Губарец Астана қаласында тұрған. Қазір оның жасы 25-те болу қажет.

Жоғалған азаматтың жақындары осы уақытта дейін іздеу жұмыстарын тоқтаусыз жүргізген.

Алайда, еш нәтиже болмағандықтан олар Владимир жақын қарым-қатынаста болған өскемендік қызды іздеуге мәжбүр болып отыр.

Қазір оның да жасы 25-ке таяп қалған. Іздеу салынған азаматша-қазақ. Оның төрт немесе бес жастағы баласы болуы мүмкін.

Жігіт жоғалған уақытта оның сүйіктісі жүкті болған. Және оларға белгілі болғандай, ару дүниеге қыз бала әкелген.

Владимирдің туыстары кез келген ақпарат бойынша көрсетілген нөмірге хабарласуды сұрайды.

Байланыс нөмірі: 8 919 310 75 75.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779505-bes-zyl-bryn-zogalgan-astanalyk-azamatty-tuystary-ony-gasygyn-izdeude/