Семейде қызғаншақ бойжеткен жігітінің басын бөтелкемен жарып тастады
Опубликовано:
Семейдің 24 жастағы тұрғыны қызғаныштан жігітін соққыға жыққан деп хабарлайды Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жезкент елді мекенінің 33 жастағы тұрғынын жедел жәрдем көлігі хирургия бөліміне жеткізген. Ер адамға жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, сол жақ төбе аймағының жарақаты және құлақ жарғағының жарылуы диагнозы қойылды.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Тергеу барысында жарақатты қызғанғаныштан таныс бойжеткен шыны бөтелкемен ұру арқылы жасағаны анықталды", - деді Семей қаласының ІІБ-нің баспасөз қызметінің басшысы Елубек Оспанов.
Қазіргі уақытта бойжеткен тұтқындалып, сынған әйнектер заттай дәлел ретінде алынды. Аталмыш фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779530-semejde-kyzgansak-bojzetken-zigitini-basyn-btelkemen-zaryp-tastady/