Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуге шыққалы қиындықтың құрсауына түскен келіншек жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Бір жыл бұрын тұрмысқа шыққан келіншек келін болып түскелі басынан қайғы-қасірет кетпей, күйеуінің отбасында небір қиындықтар болғанын айтты деп жазады Сырласу басылымы.

Күйеуге шыққалы қиындықтың құрсауына түскен келіншек жанайқайын жеткізді
Көрнекі фото: dreamstime.com: Facebook

Бойжеткен тұрмысқа шығып, күйеуі екеуі Алматы қаласында тұра бастапты. Өзі оқу оқыса, күйеуі жұмыс істейді екен.

Тойлары өткеннен кейін отбасында түрлі қиындықтар басталыпты.

Алғашында ата-енесінің малға деп дайындаған шөбі бір түнде өртеніп кеткен. Кейін қайын ағасы жол-көлік апатына ұшырап, екі апта ес-түссіз жатыпты. Сүйектері сынып, миына зақым келіпті. Ұзақ уақыт емделгеннен кейін оның беті бері қарап, жазыла бастаған.

"Осы жағдайлардың бәрі мен келгеннен кейін орын ала бастағандықтан, өзімді барлығына кінәлі сезіне бастадым. Үйіме құт-береке әкелудің орнына, уайым-қайғы әкелдім", - деп күйінді келіншек.

Осындай жағдайларды уайымдап жүріп, ол бала көтере алмаған.

"Уайымдағанымнан күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Көзім іліне қалса, дем жетпей бастырыламын. Күйеуім отбасының жағдайын ойлап, жұмысын уайымдап жүргенде, жағдайымды айтып мазалағым келмеді. Бірақ күнделікті шошынып оянып жүргенімді көрген соң, ол психологқа баруымды өтінді", - деді бойжеткен.

Білікті мамандар жас келіншекке көмектесіп, кішкене жеңілдегендей болыпты. Дегенмен түнде бастырылып, себепсіз жылауын қоя алмай жүр. Алайда емші мен бақсылардың көмегіне жүгінуге қорқады екен.

"Бұл жағдайлардың бәрі неден болып жатқанын түсінбеймін. Өмірімде біреуге қастандық істеп, ешкімнің жолын кескен емеспін. Бірақ бәле-жаланың бәрі менің өмірімде орын алып жатыр. Мәселенің түйінін кімге шештірсем болады?", - деп кейіпкер жанайқайын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779552-kjeuge-sykkaly-kiyndykty-krsauyna-tsken-kelinsek-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel