RU

Алматы тұрғынының үстінен ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін іс қозғалды

Әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздық қоздыруға бағытталған видеороликтері арқылы танымал болған алматылық азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ұлтаралық алауыздық қоздырған алматылыққа қарсы қылмыстық іс қозғалды
Көрнекі фото: dailynews.kz: Facebook
"Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде қоғамда ұлтаралық алауыздық тудыратын монологтары жазылған видеоны жүйелі түрде жүктеп, таратқан азамат Б. қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Азаматтың әрекеттері қылмыстық кодекстің 174 бабы "Ұлтаралық алауыздық қоздыру" бойынша тіркелді.
Алматы қаласының полиция департементінің тергеу басқармасы қылмыстық істі жүргізіп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779626-almaty-trgynyny-stinen-ltaralyk-arazdykty-kozdyrgany-sin-is-kozgaldy/