RU

Бас прокуратура: Түркістандық полицейлер ауыр қылмысты жасырған

Түркістан облысында полиция қызметкерлері "өлімді жасырды" деген күдікке ілінген. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оларға қатысты шаралар қабылдады. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: the-village.kz
Көрнекі фото: the-village.kz: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, осы жылдың ақпан айында Бас прокуратура Түркістан облысының полиция басқармасының тергеушілері Қалдыбеков пен Қалиевты, сондай-ақ тергеу бөлімінің басшысы Сармановты ұстаған.

Олар "азамат Сухараевтің өлімін тексеру барысында аса ауыр қылмысты жасырды (кісі өлтіру) және қызметін дұрыс орындамады" деген күдікке ілініпті.

Соттың шешімімен полиция қызметкерлері ұсталды.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің айтуынша, лауазымды тұлғалар 2018 жылдың қазан айынан бастап Сухаревті өлтірген күдіктіні белгілеу фактісі анықталса да, оны тұтқындауға және жауапкершілік танытуда ешқандай шара қолданбаған.

Адам өлімін "қылмыстық іс емес" деп қарастырыпты.

Прокуратура араласқаннан кейін ғана іс "Кісі өлтіру" деген баппен жалғасын тапқан.

Күдікті Тарасов ұсталып, қазіргі уақытта уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр.

Осы іске сәйкес, Түркістанның полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылған.

Түркістан облысының арнайы прокурорлары қылмыстық іс қозғады. Олар да Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779654-bas-prokuratura-trkistandyk-policejler-auyr-kylmysty-zasyrgan/