RU

Қарағандыда жалақысын алып, дәмханаға барған жігітті тонап кетті

Қарағандыда екі азамат дәмханада танысқан жігітті ұрып, тонап кетті. Жәбір көрген азамат алаяқтарға жалақысын алып, соны атап өтуге келгенін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ruinformer.com
Көрнекі фото: Ruinformer.com: Facebook

Зардап шегуші азамат есепшотты жапқан сәтте, ұрылар онда ақша барын байқаған.

Жалақысын алған жігітті ішімдікке тойдырған олар оны үйіне дейін шығарып саламыз деп сендіріпті. Ол аталған ұсынысты қабыл алмаса да, алаяқтар үйіне дейін аңдып отырған.

Осылайша олардың бірі жігітті бір теуіп, қалтасындағы ақшасын тартып алған. Алаяқтар тіпті оқиға орнынан қашып үлгерген.

Жәбір көрген жігіт ұрылардың соңынан жүгірсе де, қуып жете алмапты. Абырой болғанда ақшасынан айырылған жігіттің жұбайы полицейлерді шақырған.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай ұрылардың бірін ұстаған. Ол бар кінәні мойындап, тергеу барысында барлық ұрланған ақшаны қайтарып беріпті.

Қазыбек би аудандық соты қарақшыны үш жарым жылға бас бостандығынан айырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779695-karagandyda-zalakysyn-alyp-dmhanaga-bargan-zigitti-tonap-ketti/