Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пластикалық отадан кейін комаға түскен алматылық әйел көз жұмды

Опубликовано:

Алматы облысы Ұзынағаш ауданының тұрғыны Гүлнар Айнағұлова өзінің сырт келбетіне өзгеріс енгізбек болып, пластикалық ота жасатқан болатын. Отадан кейін комаға түскен әйел бүгін қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлнара Айнағұлова. Фото: Марқұмның туыстарынан
Гүлнара Айнағұлова. Фото: Марқұмның туыстарынан: Getty Images

Гүлнара Айнағұлова осыдан бір апта бұрын ауруханадан шығып, ақылы мейірбикенің қарауымен үйде болған.

Марқұмның сіңлісі Гүлзаданың айтуынша, пластикалық отадан соң Гүлнар есін жиып, арада 45 минут өткенде анафилактикалық шок алған.

Гүлнара осыдан кейін екі ай бойы комада жатқан.

Гүлзада Айнағұлова марқұм әпкесін осыдан бір апта бұрын ауруханадан шығарғанын мәлім етті. Ал 48 жастағы әйел өмірінің соңғы сәттерінде ұстамасы ұстап, жедел жәрдем шақырған.

Гүлнара Айнағұлованы 22 ақпан күні жер қойнына тапсырады.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлнара Айнағұлова 2018 жылдың 13 қарашасында бетінің әжімі мен иегіндегі артық майларды тартқызғысы келіп, Алматыдағы танымал клиникалардың біріне барған. Алайда отадан соң келбеті өзгеруге тиіс әйел комаға түсіп қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1779707-plastikalyk-otadan-kejin-komaga-tsken-almatylyk-jel-kz-zmdy/

pixel