RU

Павлодарда демалыс күні қызметтік көлікті құжатсыз басқарған шенеунік ұсталды

Павлодар қаласы құрылыс бөлімі басшысының орынбасары қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланған сәтінде ұсталды. Қанат Қалиев демалыс күні супермаркеттердің бірінің жанында "Kia Sorento" рөлінде болған деп хабарлайды Павлодар мемлекеттік қызмет істері департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің қызметкерлері 16 желтоқсанда полицейлермен бірлесе рейд жүргізген. Тексеріс барысында олар супермаркеттің автотұрағында тұрған қызметтік көлікті байқапты.

Оқиға орнында база бойынша тексеру жүргізіліп, автокөліктің Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің есебінде тұрғандығы анықталды. Ал рөлде осы мекеменің басшы орынбасары Қанат Қалиев болған.

Рейд нәтижесінде шенеунікпен келісілген акт толтырылған. Ал одан көлік құжаттарын сұрағанда, Қалиев үйде ұмытып кеткендігін айтыпты. Қызметтік көлік айып тұрағына қойылды.

Хаттама жасаған полицейлер шенеуніктің үйінде да құжаты жоқ екенін анықтаған. Ол 2016 жылдың наурыз айында мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

Шенеунік құжатын 2019 жылдың наурыз айында ғана ала алады екен. Осыған байланысты оған тағы бір хаттама бекітілген. Енді ол 25 мың теңге көлеміндегі айыппұл төлеуі керек.

Қалиев супермаркеттен қызын алып кетуге келгенін айтқан. Осыған байланысты Әдеп кеңеіне қатысқан шенеунікке қатаң сөгіс жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779713-pavlodarda-demalys-kni-kyzmettik-klikti-kzatsyz-baskargan-seneunik-staldy/