RU

Қарағандыда жезөкшелерден тегін "қызмет" талап еткен полицейлер сотталды

Қарағандыда Орталық полиция бөлімінің екі тәртіп сақшысы жезөкшеге теңеген екі қызды қонақүйге шақырып, олардан тегін төсек қатынасына түсуді талап еткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Getty Images

Полиция қызметкерлеріне өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін сот үкімі шықты.

Төрт жыл бас бостандығын шектеудің орнына екеуі де нақты мерзімді өтеу үшін бес жылға колонияға аттанды.

"Орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу тағайындалсын. Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы жазылым түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылып, сот залында қамауға алынсын", - деді үкім оқыған Қарағанды облыстық соты апелляциялық сатысының ісі бойынша төрағалық етуші Рашид Нұрмағамбетов.

Олар арнайы полиция капитаны мен аға лейтенант атағынан айырылды.

Екеуі де Қылмыстық кодекстің 362-бабы "Өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша сотталды. Сотталушы қаруды лақтырып жібергендіктен олар Қылмыстық кодекстің 287-бабы "Қаруды заңсыз сақтау" бойынша ақталып шықты.

Полиция қызметкерлері қыздардан төсек қатынасын талап етпегенін, оларды тонау ісі бойынша ресми емес жауап алу үшін қонақ үйге алып келгенін түсіндірді.

Олар "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 11-бабына сәйкес қыздарға кездесу тағайындауға құқылы екенін мәлімдеген. Полицейлер мүліктік қылмыстарды ашу тобында болған.

Айта кетейік, осыған дейін екі полиция қызметкері тек төрт жылға бас бостандығынан шектелген.

Іс материалдарына сәйкес, Қарағанды полицейлері жезөкшеге теңеген екі қыздан тегін төсек қатынасын сұраған. Ал олар таксимен кеткенде, екі полицей жеке Lada 2114 Samara көлігімен олардың соңынан қуған. Олардың бірі, тіпті, көліктің жанындағы әйнекке тапаншадан оқ атыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779726-karagandyda-zezkselerden-tegin-kyzmet-talap-etken-policejler-sottaldy/