Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бас полицейі анасынан айырылған көпбалалы отбасыларға көмектесті

Опубликовано:

Үшінші мегаполистің бас полицейі Ералы Жұмаханбетов аналарынан айырылған балаларға арнайы барып көмектесті. Мұң-мұқтаждарын тыңдап, кез-келген уақытта полиция тарапынан көмек беруден аянбайтындықтарын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шымкенттің бас полицейі аналарынан айырылған көпбалалы отбасыларға арнайы барып, қал-жағдайын сұрады.

Тілемісовтердің анасы Анардың артында төрт бірдей бала қалған. Әкелері де 2016 жылы бақилық болған екен. Тұл жетімдер әжесінің қарауында. Төрт баланың екі үлкені студент болса,  екеуі әлі кәмелетке толмаған.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы бір анасынан айырылған көпбалалы отбасы Жансая Ақтанбердиеваның отбасы. Жансаяның артында төрт өрімдей бала қалған. Әкелері жалғыз өзі қарап отыр. Кәмелетке толмаған төрт баланың әкесі жұмыссыз, басында баспаналары жоқ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Марқұм Бағила Балданбаеваның да артында үйелмелі-сүйелмелі төрт бала қалған. Студент үлкені кейінгі үш бауырын өз қамқорлығына алған. Бастарында баспана жоқ. Балалардың кішісі небәрі үш жаста.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1779741-symkentti-bas-policeji-anasynan-ajyrylgan-kpbalaly-otbasylarga-kmektesti/

pixel