RU

Ақтөбеде полицейлер 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ақтөбеде 300 мың теңге пара алды деген күдікпен полицейлерді ұстады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Болат Шайхинов: Facebook

Ұлттық бюро департаментінің хабарлауынша, пара алу дерегі бойынша Ақтөбе полиция басқармасы Астана аудандық №2 полиция бөлімінің басшысының жедел жұмыс бойынша орынбасары және осы бөлімнің екі уәкілі күдікке ілінген.

Олар алдын ала сөз байласып, бір азаматтың ұлын қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 300 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдіктеліп отырғаны хабарланды.

Басшы орынбасары қамауға алынған. Полиция қызметкерінің бірі өз кінәсін мойындауына байланысты, оны үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қабылданбады.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780127-aktbede-policejler-300-my-tege-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/