RU

Көкшетаулықтар Ақмола облысының атауын өзгертуді ұсынды

Көкшетауда Ақмола облысы әкімі Мәлік Мұрзалиннің ашық есеп беру жиналысында жергілікті тұрғындар облыс атауын өзгертуді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Көкшетау
Көкшетау: Facebook

Кездесу барысында облыс әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктер мен алдағы уақытта жоспарланып отырған мәселелер туралы айтты.

Мұрзалиннің сөзінен кейін кездесуге қатысушылардың бірі әкімнен облыс орталығын Степногорскке ауыстыратыны рас па екеін сұрап, облыс атауын Көкшетауға алмастыруды өтінді. Ол бұл ұсынысты орталықтың Көкшетауда орналасқанымен түсіндірді.

Ал облыс әкімі облыс орталығын Степногорск қаласына көшіру туралы әңгіме жай қауесет екенін жеткізді

Мұрзалин өңірді қайта атау туралы өтінішке да жауап берді. Оның айтуынша, Ақмола облысының терең тарихи тамырларына көз жүгіртіп, бұл мәселеге мұқият қарау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780224-kksetaulyktar-akmola-oblysyny-atauyn-zgertudi-syndy/