Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер наурыз айындағы ауа райына болжам жасады

Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері наурыз айында оңтүстік астанада ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда наурыздың басында күн жылы, бірақ жаңбырлы болуы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: natworld.info
Көрнекі фото: natworld.info: Depositphotos

Мамандардың болжамынша, қыстың соңғы айының аяғында Алматыдағы күн райына циклон әсер етіп, атмосфералық ағындар жүріп өтеді деп күтілуде.

25 ақпаннан бастап кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Түнгі уақытта температура -5-10 градус суықтан -2 +3 градусқа дейін өзгеріп отырады. Күндіз ауа температурасы 0-ден 3-8 градусқа дейін жылы болмақ. 

Бұдан бөлек, көктемнің келуі де ұзақ күттірмейді.

Наурыздың алғашқы күндері жауын-шашынсыз, ашық күн райы сақталғанымен, әлі де ызғар сезіледі.

Қалада температура түнде 10-15 градус салқын, күндіз - 2-ден +3-ке дейінгі аралықты көрсетеді.

Біртіндеп көктемнің жаймашуақ күндері қыстың ызғарлы ауа райын алмастырады. Мереке күндеріне қарай түнгі температура 0-5 градус суық, ал күндіз 10 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, наурыз жылы әрі жаңбырлы болмақ. Орташа температура мен жауын-шашын мөлшері нормадан сәл жоғары болады деп күтілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780292-sinoptikter-nauryz-ajyndagy-aua-rajyna-bolzam-zasady/

pixel