Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Бақауов алимент төлеуден қашқан әкелердің көлігін тартып алды

Опубликовано:

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Instagram-дағы парақшасында алимент төлемей жүрген жауапсыз әкелерге қарсы жүргізілген күрестің нәтижелері туралы айтты деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ddddd
Болат Бақауов. Фото: pavlodar.gov.kz: UGC

Әлеуметтік желіде жазба қалдырған өңір басшысы осы аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі қойылғанын алға тартты.

"Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты. Тағы бірі қарызының орнына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады", - деді облыс әкімі.

Айта кетерлігі, Болат Бақауов бір апта бұрын көпбалалы аналардың мәселесі бойынша өткен жиында алимент төлемей жүргендермен күресетіні жөнінде уәде берген.

Сонымен қатар, облыс әкімі жауапсыз әкелердің өз балалары алдындағы міндеттен құтылып кетпеуі үшін сот орындаушыларының жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін шақыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780354-bolat-bakauov-aliment-tleuden-kaskan-kelerdi-kligin-tartyp-aldy/