RU

Мәжіліс денсаулық сақтау министрлігі қызметіне Елжан Біртановты мақұлдады

Мәжіліс денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртановты мақұлдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан
Фото: Sputnik Қазақстан: UGC

Бүгін төменгі палатада әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет отырысында аталған лауазымға Елжан Біртанов мақұлданғаны белгілі болды.

Премьер-министрдің кеңсе жетекшісі Нұрлан Алдабергенов үкімет басшысының тапсырмасымен комитет мүшелеріне денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Біртановтың кандидатурасын ұсынды.

Сұрақ-жауаптан соң аталмыш кандидатураны денсаулық сақтау министрі қызметіне ұсыну туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780518-mzilis-densaulyk-saktau-ministrligi-kyzmetine-elzan-birtanovty-makldady/