Екі ұл, бір қыз: Елордалық келіншек үшемді дүниеге әкелді
Опубликовано:
Елордада үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қызды бірден өмірге алып келген ата-ананың егіз балалары бар деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Жаңа туған нәрестелер №3 перинаталдық орталықта дүние есігін ашты.
"19 ақпанда кесар тілігі арқылы бірнеше минут айырмашылығымен үшем дүниеге келді. Екі ұл мен бір қыздың салмағы 2 149 грамм, 2 290 және 2 020 грамм", - деді мәлімдеді перинаталдық орталықта.
Жас ана мен үшемнің денсаулығы қалыпты болғандықтан олар үйіне шығарылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1780723-eki-l-bir-kyz-elordalyk-kelinsek-semdi-dniege-keldi/